Азақ музыкасының түрлері мен жанрлары  

Азақ музыкасының түрлері мен жанрлары

Жалпы қазақ халқының дәстүрлі музыкасы күрделі екі топты құрайды. Бірінші топқа фольклор жанрларыжатады, олар:

1) ғұрыптық әндер,

2) тұрмыс-салт әндері,

3) аңыз күйлер,

4) тарихи әндер мен күйлер,

5) лирикалық халық әндері (қара өлең).

Екінші топтыхалық кәсіби өнер түрлеріқұрайды, олар:

1) бақсылық өнер,

2) ақындық өнер,

3) жырау-жыршылық өнер,

4) сал-серілік (халық кәсіби әншілік) өнер,

5) күйшілік өнер.

Ғұрыптық деп дәстүрлі ырымдар мен әдет-ғұрыптардыөткізген

кездеарнайы орындалатын әндерді айтамыз. Басқа кездерде бұндай әндер орындалмайды. Ғұрыптық әндердің бірнеше түрі болады, олар: үйлену тойәндері(сыңсу, той бастар, бет ашар, жар-жар); аза тұтуәндері (яғни, қаза болған адамды жерлеу кезінде орындалатын естірту, жұбату, көңіл айту, жоқтау әндері); бала өмірінің маңызды кезеңдеріндеатқарылатын әдет-ғұрыптарда орындалатын әндер (шілдехана, бесікке салу, тұсау кесу, тіл ашар т.б.); күнтізбелікәндер (жарапазан); емшілік әндер (бәдік, күләпсан).

Тұрмыс-салт әндері, керісінше, ешқандай әдет-ғұрыптармен байланысты емес. Олар халықтың күнделікті өмірінде, кішігірім жиын-тойларда, жанұялық мейрамдарда, жастардың ойын-сауықтарында орындалған. Тұрмыс-салт тобына тәрбиелік мәні барәндер(«Не жаман», «Өмір туралы» сияқтылар), тұрмыс-салт айтыс түрлері (Қайым айтыс, Жұмбақ айтыс, Қыз бен жігіт айтысы, Өтірік айтыс), балалар әндері (Санамақ, Жаңылтпаш, әр түрлі ойын әндері) және балаларға арналған әндер (Төрт түлік мал, Әлди-әлди, Бала жұбату, Ертегі әндер) жатады.

Аңыз күйлер – аспаптық музыка саласындағы ең көне шығармалар. Олар(мысалы, «Нар идірген», «Ақсақ құлан», «Аққу», «Бегім бер», «Жез киік» сияқты күйлер) домбыра, қобыз, сыбызғы аспаптарында орындалып жетті. Осындай күйлермен бірге айтылатын аңыз-әңгімелерде халықтың көне замандағы дүниетанымның көріністері орын алған.

Тарихи әндер мен күйлер–тарихи оқиғаларға (мысалы, «Елім-ай» әні, «Ел айрылған» күйі) немесе тарихи тұлғаларға арналған («Ескендір Зулхарнайн», «Ақсақ Темір» сияқты)шығармалар.

Қара өлең –ел арасында кең тараған, халықтың ең сүйікті лирикалық әндері. Бұл әндерді халық өзі шығарып, өзі орындайды. Лирикалық қара өлеңдер мазмұны жағынан сан алуан, дегенмен, оларда ғашықтық лирикалық сезім басым. Қара өлеңдер көбінесе сүйікті адамға, туған жерге, табиғатқа арналған.

Фольклор жанрларына жататын әндер бәріне бірдей ортақсипаттамалармен белгіленеді. Біріншіден, бұндай әндердің авторы белгісіз, сондықтан оларды жекеменшік (авторлық) көзқарас пайда болғанға дейінгі көне заманның туындылары деуге болады.

Екіншіден, фольклорлық әндер мен күйлер өздерінің құрылымы мен мазмұны жағынан қарапайым болып келеді. Оларды орындау арнайы, яғни кәсіби музыкалық дайындықты қажет етпейді, бұндай әндер мен күйлерді әркім өз қолынан келгенше орындай береді.

Үшіншіден, бұндай әндер арнайы жиналған тыңдаушы аудиторияны қажет етпейді.Олар көбінесе кішігірім жиын-тойларда орындалады. Орындаушылар осы әндер арқылы өздерінің көңіл-күйін, ішкі сезімін білдіреді, мұңын шертеді.

Төртіншіден, фольклорлық жанрлар халықтың күнделікті өмірінде қолданылатын өнер болғандықтаноның орындаушылары өз өнерімен табыс таппайды, «жалақы» алмайды.

Бесіншіден, фольклорлық әндер аспаппен сүйемелдеуді қажет етпейді, ал оның кейбіреулерінде (мысалы,ғұрыптық сыңсу мен жоқтауларда) бұндай сүйемелдеу тіпті ерсі көрінеді.

Керісінше, халық кәсіби өнер түрлерінің көрсеткіштері фольклорлық жанрлардың сипаттамаларынақарама-қарсы болып келеді:

1) халық кәсіби өнер түрлерінің қайсысы болмасын, онда автордың аты-жөні айқын көрсетілген. Сондықтан, халық кәсіби өнер – авторлық сана-сезімнің қалыптасып дамыған кезіндегі туынды. Тіпті, тамыры тереңде жатқанбақсылық өнерде де жеке авторлық көзқарас байқалады. Бұрынғы кезде әр бақсының «сарын» деп аталатын жеке (яғни, жекеменшік) әуеніболған, олар сол әуенін өз «ойынында»қолданып отырған;

2) кәсіби шығармалар көлемді, күрделі, әрі қиын болып келеді, оларды орындау тек қана арнайы оқып-үйренген, машықтанғанмамандардың қолынан келеді;

3) кәсіби өнер тыңдаушы қауымға арналған, солар үшін орындалады. Тыңдаушылары болмаса бұл өнер өшеді, сөнеді;

4) негізгі кәсібі музыка болғандықтан,кәсіби орындаушылар өз өнерімен табыс тапқан, жанұясын асыраған. Олар өзінің еңбегі үшінерекше түрде, көбінесе сыйлық ретінде «жалақы» алған;

5) кәсіби шығармалардың әуен-ырғақтық құрылымы күрделі, әрі көлемді болып келеді, сондықтан оларды аспаптыңсүйемелдеуінсіз орындау қиын, тіптен мүмкін емес. Сол себепті ақындар, жырау-жыршылар мен әншілераспапты (домбыраны, қобызды, сырнайды) жақсы меңгерген. Аспапта жақсы ойнау – кәсіби өнериелеріне қойылатын талаптардың бірі.

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Фольклор тобына кіретін жанрлар.

2. Халық кәсіби өнер түрлері.

3. Ғұрыптық әндер мен тұрмыс-салт әндерінің бір бірінен өзгешелігі.

4. Фольклор жанрларының сипаттамасы.

5. Кәсіби өнер түрлерінің ерекшеліктері.

Тақырып

Йлену той әндері

Үйлену той – халық өміріндегі ең маңызды және салтанатты оқиға. Қазақтар бүгінгі күнге дейін жеті атаға дейін қыз алыспайтын дәстүрді ұстанады. Сондықтан жігіттер қалыңдықтарын басқа рулардан таңдаған.

Қазақтың дәстүрлі тойы үш кезеңнен тұрады. Оның біріншісі – құда түсу рәсімі. Бұрынғы кезде құда түсудің бірнеше түрі болған. Оның кейбіреулері (мысалы, балаларды жас кезінен, тіптен туғанына дейін айттырып қою, қызды кәрі адамға байлықүшін беру)өмірде сирек кездескен, сол себепті бұндай жағдайлар аңыз, әңгіме, ертегі, эпос сияқты ауыз әдебиеттерде сақталған. Күнделікті өмірде жастар көбінесе өз еріктерімен тұрмыс құрған.

Құда түсуге үйленетін жігіттің жақын туыстары – еркектер барған. Олардың негізгі міндеті – қыз жағымен келіс сөз жүргізу. Қыздың ауылына келген кезде олар кейбір әдет-ырымдарды орындауға міндетті болған. Келіс сөз барысында екі жақ той өткізудің жерін, уақытын, қалың малдың мөлшерін, сол сияқтытағы басқа мәселелерді анықтаған. Келісім-шартты бекітудің белгісі ретінде бір-біріне сыйлық тартқан.

Осыдан кейін бірнеше күн өткен соң жігіттің әкесі қыздың ауылына «өлі-тірі» деп аталатын қойды жеткізген. Қыздың әкесі ол қойды құрбан шалып туған-туыстары мен ауылдастарын дәм татуға шақырған. Аты айтып тұрғандай, таратылған «өлі-тірісі»дәм татуға келген адамдармен қоса қайтыс болғандардың аруақтарына да арналған. Осы ырымды өткізген соң жігітқалыңдығына «ұрын барып» тұруынарұқсат болған (бұл туралы халық мақалы былай дейді: «өлі-тірі келген соң, өлген күйеу жатпайды»). Дәстүрдің «ұрын», яғни «ұрланып» деп аталуына қарамастан, жігіт қыздың ауылына өзінің жора-жолдастарымен бірге ашық түрде барып тұрған. Бұндай кездесулерді олар ойын-сауықпен өткізген.

Үйлену тойдың екінші кезеңі – қыз ұзату тойы. Той қыздың ауылында өтеді. Тойға қыздың туған-туыстарымен бірге келінді алып кетуге келген жігіттің жақын туыстары да қатысады. Той кезінде басқа әндермен қатарТой бастар, Жар-жарсияқты ғұрыптық әндерде орындалған. Жігіттің ауылына аттанар күні қыз Сыңсу әнін айтып туған-туыстарымен, жора-жолдастарымен, ауылдастарымен жылап қоштасқан.

Жолға жүрердің алдында қыз арнайы дайындалған киім киген, ол киімнің ішінде ұзатылған қыздың белгісі боп есептелетін «сәукеле» деп аталатын бас киім болған. Ата-анасы қызының артынан берілетін заттардан (яғни, киіз үй, ыдыс-аяқ, көрпе-төсек, киім-кешек және әр-түрлі әшекейлерден) тұратын керуен жасақтаған. Бұндағы бір ерекшелік, жастарға бөлінген киіз үйдің шаңырағы мен есігі болмаған, оларды дәстүр бойынша жігіт жағы қосатын болған. Себебі, үйдің бұл бөлшектері қасиетті боп есептелген, халықтың түсінігі бойынша, аруақтар үйге есік пен шаңырақ арқылы кіріп-шығады. Шаңырақ пен есік (босаға) кімдікі болса, үйдің қожайыны да сол боп есептелген. (Сол себепті, еркектің «Шаңыраққа қара» деген сөзі «Үйдің қожайыны мен» деген сөзбен тең).

Тойдың үшінші, негізгі кезеңі – жігіттің ауылында өтетін үйлену той. Үйге кірер алдында беті ақ орамалмен жабылған келін үш рет иіліп сәлем берген, оның бұл сәлемі босағада «жүрген» аруақтарға арналған. Үйге кірген соңол арнайы дайындалып қойған сұйық майды «От ана, Май ана, жарылқа» деген сөздерді айтып отқа құйған. Бұл ырым әйел жаратушысыУмайға бағытталған, сондықтан ол келін түсіру рәсімінің ең маңыздысы болып саналған.

Осындай ғұрыптық рәсімдерді өткізіп болған соң арнайы шақырылған ақын Той бастар әнімен мерекенің ашылуын салтанатты түрде хабарлаған. Үйлену тойдың ең маңызды, әрі қызықтысы – қыздың бетін ашу рәсімі. Бет ашар әні екі бөлімнен тұрады, оның біріншісінде ақын жаңадан түскен келінді жігіттің әке-шешесімен, басқа да туған-туыстарымен таныстырады. Келін олардың әр-қайсысына иіліп сәлем беруі тиіс. Әннің екінші бөлімінде ақын келінді жаңа міндеттерімен, ата-анасының үйінде жүріп-тұру «ережелерімен» таныстырады.

Үй иесінің жағдайына қарай той бірнеше күнгесозылып ақындар айтысы, көкпар, күрес,бәйге сияқты ойын-сауықтарымен жалғаса берген.

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Үйлену той өткізудің кезеңдері, құда түсу рәсімі.

2. Қыз ұзату тойы.

3. Тойдың үшінші бөлімі.

4. «Бет ашар» әнінің құрылымы мен мазмұны.

5. Үйлену той әндерінің үлгілерін орында.


Тақырып

Аза тұту әндері

Қазақтар, басқа көптеген халықтар сияқты, адамның өмірі о дүниеде жалғасын табады деп сенген. Сол себепті қайтыс болған адамды дәстүр бойынша шығарып салуға тырысқан. Марқұмның аруағы риза болсын, тірілердің өміріне кері әсерін тигізбесін деген мақсатпен жерлеу кезінде әр-түрлі әдет-ғұрыптар мен рәсімдерді өткізген.

Адам қайтыс бола салысымен туған-туыстарына хабар беру үшін алыс-жақын ауылдарға шабармандар жіберілген. Олар әкелген суық хабарын әдет бойыншаастарлы сөздермен, көбінесе Естірту әнімен жеткізген. Кей кездерде естіртудімузыкалық аспаппен деорындаған (мысалы, домбыраға арналған «Ақсақ құлан» күйі). Жерлеуге келген адамдар үй иесіне Көңіл айту, Жұбату әндерімен ықыластарын білдірген.

Жерлегенге дейін қайтыс болған адамның денесін арнайы құрған киіз үйде ұстаған. Кейін бұл үйді өртеп жіберген, немесе отпен, адыраспанның түтінімен аластаған. Қазақтың түсінігі бойынша қайтыс болған адам – бұл дүниеде қонақ. Сондықтан, оған арнайы үй тұрғызу мүмкіндігі болмаған жағдайда марқұмның денесін өздері тұратын үйдің «қонақ жағы» деп аталатын оң жағында ұстаған.Жерлегенге дейін марқұмның денесінің қасындаеркектер күзетқұрып отырған. Халықтың ұғымы бойынша, қайтыс болған адамның рухы әлі осы жерде, ол бәрін естиді,көреді. Сол себепті олар марқұм туралы әңгіме құрып, оның жақсы жағын атап, естеліктер айтып отырған.

Алыстан келетін туыстары қоштасып үлгерсін деген оймен денені үйде үш күнге дейін ұстаған. Шығарар алдына марқұмның денесін үш рет үйдің табалдырығына тигізіп, сол арқылы оны аруақтар әлеміне табыстаған. Мәйіттің басына тек қана еркектер барған (Мұсылман дінінің ықпалы). Әйелдер Жоқтау әнін айтып ауылда қала берген. Жерлеген күніжиналған жұртқа Қонақ асы берілген. Атынан әйгілі болып тұрғандай, бұл асжиналған жұртқа ғана емес, тірілер дүниесінің қонағы болған марқұмның аруағына да арналған.

Ғалымдардың айтуынша[1], қазақтар адамның үш жаны болады деп сенген, олар: шыбын жан, ет жан және рухи жан. Шыбын жанденеден адамның соңғы демімен бірге шығады. Кей кездерде ол ұйықтап жатқан адамның денесінен шығып серуендеп жүруі мүмкін. Шыбын жаны не көрсе, адам түсінде соны көреді деген сенім бар. Сондықтан қатты ұйқыда жатқан адамды кенеттен оятуға болмайды, өйткені оның жаны денесіне қайтып кіріп үлгермеуі мүмкін.

Адамның ет жаны денесінен 7 күннен кейін шығады, ал 40 күннен соң оның мәңгілік өмір сүретін рухи жаны шығады. Қайтыс болған адамның жетісі мен қырқынатап өту, оның рухына бағыштап ас беріп, құран оқыту осы ұғымдардан туындаған. Соңғы рет ас беру рәсімі бір жылдан соң (Қазақстанның кейбір аймақтарында жүз күннен кейін) өткізілген. Бұл кезде жылып-сықтауға, жоқтау айтуға болмайды, өйткені марқұмның рухы о дүниедегі мәңгілік өмірге жетті деп сенген. Сондықтан жылын беру мейрам, той ретінде өткізілген.

Қазақ халқының дұние көзқарасына сәйкес, үйлену той мен аза тұту рәсімдерінің арасында өзара байланыстар бар екенін байқауға болады. Олардың біреуі ақ түсті орамалға (матаға) қатысты. Ақ орамалмен ұзатылған қыздың бетін жабады. Бұл рәсім қыздың «уақытша қайтыс болғанын» белгілейді. Бет ашар рәсімінен кейін ол қыз дүниеге қайтып келген тәрізді болады, бірақ бұл жолы ол басқа жанұяның мүшесі, келіні ретінде «туылады». Аза тұту дәстүрінде қайтыс болған адамның жасына және әлеуметтік дәрежесіне қарай үйдің үстіне ақ, қара, немесе қызыл түсті жалау ілінеді. Марқұмның денесі ақ матаға оралады.

Осыған қарап, ақ орамалды, жалпы ақ түстіні,бір жағынан, молшылық пен рухани тазалықтың, жаңадан түскен келіннің белгісі деп білсек, екінші жағынан, ақ матаны аза тұту рәсімінің негізгі көрсеткіші деп түсіну керек.

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Аза тұту дәстүрінде орындалатын әндер.

2. Жерлеу рәсімінің өтуі.

3. Ас қай кездерде беріледі, қалай өтеді?

4. Үйлену той мен аза тұту рәсімдерінің өзара байланыстары.

5. Ақ түсті матаныңмән-мағынасы.

Тақырып


0008784685196155.html
0008864361072417.html

0008784685196155.html
0008864361072417.html
    PR.RU™